Тест тапсыру
Отбасының қаржылық саулығын бағалаңыз
Отбасыңыз бюджетті қаншалықты дұрыс жүргізетінін, қаржылық жоспар құра алатынын, жинақтың немесе «қауіпсіздік көпшігіне» бөлінген қаражаттың жеткілікті екенін білгіңіз келе ме? Тестіден өтіп, құнды ұсыныстар алыңыз!
1 . Жас тобыңызды таңдаңыз
2 . Жынысыңызды көрсетіңіз
3 . Отбасыңызда қаржылық шешімді кім қабылдайды?
4 . Отбасыңызда шығыстарды жоспарлайсыз ба?
5 . Сізде күтпеген шығыстар орын алған жағдайда, жұмсалмайтын қор/қауіпсіздік көпшігі бар ма?
6 . Сіз ақша қаражатының (бюджет) кірістер мен шығыстар есебін жүргізесіз бе? Жүргізсеңіз, қалай жүргізесіз?
7 . Отбасыңыз міндетті шоттарды уақытында төлей ме?
8 . Отбасыңызда барлық міндетті шығыстарды (коммуналдық төлемдер, оқу, емдеу ақысы) өтегеннен кейін айдың аяғында бос ақша қала ма?
9 . Егер отбасыңыз кредит төлесе, ай сайынғы төлемдеріңіз табыстың қанша пайызын құрайды?
10 . Ақша қаражатын қалай сақтайсыз?
11 . Қаржылық мақсатқа жету үшін депозитте жинаған ақшаңыз бар ма?
12 . Зейнет жасына ақша жинайсыз ба?
13 . Қаржылық сауаттылық бойынша қандай тақырыптар сізді қызықтырады?
Идет отправка данных...
Жаңадан бастаушы

Сіздің қаржылық жағдайыңыз өте осал және дереу қолға алуды қажет ететін тұстар бар!

Мұңаймаңыз! Отбасыңыз барлық ай сайынғы қажеттілікті өтей алатынына көз жеткізіңіз. Қаржыны бақылаңыз және шығыстар жоспарын ұстаныңыз.

Міндетті шығыстарды бірнеше ай бұрын жоспарлаңыз және ай сайын кірістер мен шығыстар есебін жүргізіңіз. Күтпеген жағдайларға дайын болу үшін қаржылық жинақ пен қауіпсіздік көпшігін ойластырып қойыңыз.

Отбасыңыз қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуі үшін қаржылық жоспарларыңыз бен жинақтарыңызды ұзақ уақытқа есептеуге тырысыңыз.

Біз сізді қаржылық тұрақтылыққа жету жолында қолдауға дайынбыз және сізге тегін консультация ұсынамыз, сонымен қатар сіз семинарға, конференцияға қатысып, қажетті материалдарға қол жеткізе аласыз. Ол үшін біздің сайтта өтінім қалдырыңыз!

Басты бетке
Тағылымгер

Сіздің қаржылық жағдайыңыз тұрақсыз, демек, қысқа уақыттың ішінде шешуді талап ететін қаржылық мәселелер бар. Әрқашан жақсылыққа сеніңіз! Шығыстарды мұқият қарастыруға, күнделікті шығындарды азайтуға, қаржыны бақылауға және шығыстар жоспарын ұстануға кеңес береміз.

Міндетті шығыстарды бірнеше ай бұрын жоспарлаңыз және ай сайын кірістер мен шығыстар есебін жүргізіңіз. Күтпеген жағдайларға дайын болу үшін қаржылық жинақ пен қауіпсіздік көпшігін ойластырып қойыңыз. Қаржылық жоспарларыңыз бен жинақтарыңызды ұзақ уақытқа есептеуге тырысыңыз.

Біз сізді қаржылық тұрақтылыққа жету жолында қолдауға дайынбыз және сізге тегін консультация ұсынамыз, сонымен қатар сіз семинарға, конференцияға қатысып, қажетті материалдарға қол жеткізе аласыз. Ол үшін біздің сайтта өтінім қалдырыңыз!

Басты бетке
Шебер

Керемет жаңалық: Сіздің қаржыңыз жақсы күйде, сіз дұрыс жолда келе жатырсыз!

Дегенмен жақсартуды қажет ететін тұстар әлі де бар.

Отбасыңыз қаржыны бақылайтынына және шығыстар жоспарын ұстанатынына көз жеткізіңіз.

Қаржылық қиындықтарға дайын болуға кеңес береміз – сізде кем дегенде үш айдың шығыстарын жабуға жеткілікті жинақ болуы қажет. Зейнетке шыққанда қаржылық тұрғыдан дайын болу үшін қаржылық жоспарларыңыз бен жинақтарыңызды ұзақ уақытқа есептеуге тырысыңыз.

Отбасыңыз қарыз алмас үшін алдын ала қамданыңыз.

Басты бетке
Қаржы білгірі

Сіздің қаржыңыз мінсіз күйде және сіз мұнымен шектеліп қалғыңыз келмейді! Осы бетіңізден таймаңыз!

Сіз күнделікті қаржы мәселелерін бірден шешуге тырысасыз және шығыстар жоспарын ұстанасыз. Сіз қаржылық қиындықтарға дайынсыз және олар туындаған жағдайда жеткілікті жинағыңыз бар.

Басты бетке
Өтінім беру
Артқа

KMF және KMF-Демеу ENACTUS студенттері танытатын жастар кәсіпкерлігін қолдауды жалғастырады. KMF және KMF-Демеу 2018 жылдан бастап Enactus Халықаралық жастар кәсіпкерлігі мектебінің Алтын Демеушісі ретінде әрекет етеді. Enactus Kazakhstan – бұл кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық саласында жастарды қарқынды оқытатын халықаралық коммерциялық емес ұйым. Enactus студенттері адамдардың өмірін жақсартатын әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асырады. Enactus серіктестері – оқытушылар мен бизнесмендер студенттерді бағыттап, командалардың тәлімгерлері болады. Студенттер жыл сайын өтетін жарыстарда өздерінің жобаларымен таныстырады, оларды бизнес басшылары бағалайды. Үздік команда АҚШ-тағы Әлем Кубогына қатысуға құқық алады. 2019 жылдың 22-23 сәуірінде студенттік кәсіпкерліктің, стартаптардың және инновациялардың Ұлттық Кубогы болып өтті. Елдің 56 ЖОО студенттері және 125 команда Ұлттық кубокқа қатысты. Сондай-ақ, студенттер үшін халықтың қаржылық сауаттылығын жоғарылату бойынша АХҚО Бюросынан арнайы байқау ұйымдастырылды. Студенттер әділқазылар алқасына өздерінің жобаларын ұсынды, олардың арасында жастардың қаржылық сауаттылығын жоғарылатуға бағытталған қызықты үстел ойындары да бар. Жеңімпаздар АҚШ, Сан Хосе қ. Enactus Әлем кубогына барады. Бұл бағыт бізді қызықтырып отыр, өйткені біздің жас кәсіпкерлерді қолдап келе жатқанымыз бұл бірінші рет емес және біз ересек кәсіпкерлердің, балалардың, көзі нашар көретін адамдардың, сондай-ақ қажырлы, алға қойған мақсатына ұмтылатын жастардың қаржылық сауаттылығын жоғарылатуға мүдделіміз. 2019 жыл жастар жылы деп жарияланғандығы да есімізде, демек, біз де әрі қарай дамуға қомақты үлес қосқымыз келеді, біз студенттерді өз идеяларынан қорықпауға және идеядан әрекетке көшуге шақырамыз!

Басқа оқиғалар