Тест тапсыру
Отбасының қаржылық саулығын бағалаңыз
Отбасыңыз бюджетті қаншалықты дұрыс жүргізетінін, қаржылық жоспар құра алатынын, жинақтың немесе «қауіпсіздік көпшігіне» бөлінген қаражаттың жеткілікті екенін білгіңіз келе ме? Тестіден өтіп, құнды ұсыныстар алыңыз!
1 . Жас тобыңызды таңдаңыз
2 . Жынысыңызды көрсетіңіз
3 . Отбасыңызда қаржылық шешімді кім қабылдайды?
4 . Отбасыңызда шығыстарды жоспарлайсыз ба?
5 . Сізде күтпеген шығыстар орын алған жағдайда, жұмсалмайтын қор/қауіпсіздік көпшігі бар ма?
6 . Сіз ақша қаражатының (бюджет) кірістер мен шығыстар есебін жүргізесіз бе? Жүргізсеңіз, қалай жүргізесіз?
7 . Отбасыңыз міндетті шоттарды уақытында төлей ме?
8 . Отбасыңызда барлық міндетті шығыстарды (коммуналдық төлемдер, оқу, емдеу ақысы) өтегеннен кейін айдың аяғында бос ақша қала ма?
9 . Егер отбасыңыз кредит төлесе, ай сайынғы төлемдеріңіз табыстың қанша пайызын құрайды?
10 . Ақша қаражатын қалай сақтайсыз?
11 . Қаржылық мақсатқа жету үшін депозитте жинаған ақшаңыз бар ма?
12 . Зейнет жасына ақша жинайсыз ба?
13 . Қаржылық сауаттылық бойынша қандай тақырыптар сізді қызықтырады?
Идет отправка данных...
Жаңадан бастаушы

Сіздің қаржылық жағдайыңыз өте осал және дереу қолға алуды қажет ететін тұстар бар!

Мұңаймаңыз! Отбасыңыз барлық ай сайынғы қажеттілікті өтей алатынына көз жеткізіңіз. Қаржыны бақылаңыз және шығыстар жоспарын ұстаныңыз.

Міндетті шығыстарды бірнеше ай бұрын жоспарлаңыз және ай сайын кірістер мен шығыстар есебін жүргізіңіз. Күтпеген жағдайларға дайын болу үшін қаржылық жинақ пен қауіпсіздік көпшігін ойластырып қойыңыз.

Отбасыңыз қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуі үшін қаржылық жоспарларыңыз бен жинақтарыңызды ұзақ уақытқа есептеуге тырысыңыз.

Біз сізді қаржылық тұрақтылыққа жету жолында қолдауға дайынбыз және сізге тегін консультация ұсынамыз, сонымен қатар сіз семинарға, конференцияға қатысып, қажетті материалдарға қол жеткізе аласыз. Ол үшін біздің сайтта өтінім қалдырыңыз!

Басты бетке
Тағылымгер

Сіздің қаржылық жағдайыңыз тұрақсыз, демек, қысқа уақыттың ішінде шешуді талап ететін қаржылық мәселелер бар. Әрқашан жақсылыққа сеніңіз! Шығыстарды мұқият қарастыруға, күнделікті шығындарды азайтуға, қаржыны бақылауға және шығыстар жоспарын ұстануға кеңес береміз.

Міндетті шығыстарды бірнеше ай бұрын жоспарлаңыз және ай сайын кірістер мен шығыстар есебін жүргізіңіз. Күтпеген жағдайларға дайын болу үшін қаржылық жинақ пен қауіпсіздік көпшігін ойластырып қойыңыз. Қаржылық жоспарларыңыз бен жинақтарыңызды ұзақ уақытқа есептеуге тырысыңыз.

Біз сізді қаржылық тұрақтылыққа жету жолында қолдауға дайынбыз және сізге тегін консультация ұсынамыз, сонымен қатар сіз семинарға, конференцияға қатысып, қажетті материалдарға қол жеткізе аласыз. Ол үшін біздің сайтта өтінім қалдырыңыз!

Басты бетке
Шебер

Керемет жаңалық: Сіздің қаржыңыз жақсы күйде, сіз дұрыс жолда келе жатырсыз!

Дегенмен жақсартуды қажет ететін тұстар әлі де бар.

Отбасыңыз қаржыны бақылайтынына және шығыстар жоспарын ұстанатынына көз жеткізіңіз.

Қаржылық қиындықтарға дайын болуға кеңес береміз – сізде кем дегенде үш айдың шығыстарын жабуға жеткілікті жинақ болуы қажет. Зейнетке шыққанда қаржылық тұрғыдан дайын болу үшін қаржылық жоспарларыңыз бен жинақтарыңызды ұзақ уақытқа есептеуге тырысыңыз.

Отбасыңыз қарыз алмас үшін алдын ала қамданыңыз.

Басты бетке
Қаржы білгірі

Сіздің қаржыңыз мінсіз күйде және сіз мұнымен шектеліп қалғыңыз келмейді! Осы бетіңізден таймаңыз!

Сіз күнделікті қаржы мәселелерін бірден шешуге тырысасыз және шығыстар жоспарын ұстанасыз. Сіз қаржылық қиындықтарға дайынсыз және олар туындаған жағдайда жеткілікті жинағыңыз бар.

Басты бетке
Өтінім беру
Артқа

17 мамырда Қарағанды қаласындағы «Космонавт» қонақүйінде KMF Isker Hanymy («Бизнес-леди KMF») атты кәсіпкер әйелдерге арналған конференция болып өтті. Бұл күні микроқаржылық ұйымның клиенттері тиімді сату механизмдерін, сонымен қатар тауарлар мен қызметтерді жылжытудағы жаңа технологияларды қолдану әдістерін талқылады деп хабарлайды ekaraganda.kz порталы. Порталдың хабарлауынша, бұл күні микроқаржылық ұйымның клиенттері тиімді сату механизмдерін, сонымен қатар тауарлар мен қызметтерді жылжытуда жаңа технологияларды қолдану әдістерін талқылады. KMF – Қазақстандағы және ТМД-дағы 1997 жылы құрылған ең ірі микроқаржылық ұйым. Компания кәсіпкерлікті, халықтың әл-ауқатының өсуін және ауыл шаруашылығының дамуын қолдауға бағытталған кредиттік өнімдерді ұсынады. Конференция KMF клиенттері өндірген өнімдердің шағын көрмесінен басталды. Мұнда әртүрлі қолдан жасалған бұйымдар, тағамдар және көптеген басқалары ұсынылды. Компанияның дамудағы басымдылықтарының бірі бизнестегі әйелдерді қолдау болып табылатындығын атап көрсету керек. - "60% - бұл біздің ұйымымыздағы 150 мың белсенді клиент – нәзік жандылар. Қазіргі уақытта әйелдер кәсіпкерлігін дамыту өте танымал, ал біз өз кезегімізде мұнымен 1997 жылы бастап айналысқанбыз, - деп бөлісті Жандос Турсумбаев, Астана қаласындағы аймақтық директор – Ең белсенді өңірлер Шымкент, Қызылорда, Тараз, бірақ қарағандылық және астаналық кәсіпкерлердің тарапынан да жыл сайын қызығушылық артып келеді. Мысалы, бір Қарағандының өзінде біздің 8000 клиентіміз бар". Қаржы бергеннен бөлек, КМF қаржылық сауаттылыққа оқытумен айналысады. Осы қызметтің аясында «Халыққа арналған қаржылық сауаттылық» жобасы жүзеге асырылуда, ол іске қосылған сәттен бастап 137 000 қазақстандық, негізінен ауылдық өңірлердегі кәсіпкерлер оқытылды. Осындай әлеуметтік жобалардың бірі – «KMF іскер ханымы» конференциясы. Осындай конференцияларды Қазақстанның әртүрлі аймақтарында KMF компаниясы 2006 жылдан бастап жүргізіп келеді. Осы уақыт ішінде екі мыңнан астам кәсіпкер әйел қатысты, олар алуан түрлі саладағы сарапшылардың, сонымен қатар бизнес-тренерлердің сөздерін, презентацияларын тыңдады. - "Қазақстандықтарды қаржылық сауаттылыққа тегін оқыта отырып, біз қаржылық секторды дамытуға өз үлесімізді қосамыз: қаржы ісінде халық сауатты болған сайын, Қазақстан халқының әл-ауқаты да соншалықты жоғары болмақ, - дейді филиалдың аймақтық директоры. – «KMF іскер ханымы» конференциясы бірге серіктесуі үшін клиенттерімізді бір-бірімен таныстырып қана қоймай, сондай-ақ жетекші бизнес-тренерлердің лекцияларының арқасында кәсіпкерлер әлеуметтік желілерді пайдаланып, бизнес жүргізуге үйренеді". Әйелдер кәсіпкерлігін дамытудағы КМF-тің үлесін ұйымның серіктесі, осындай мақсаттарды көздейтін Еуропалық қайта құру және даму банкі де атап көрсетеді. - " КМF-те де, ЕҚДБ-де де бір мақсат – әйелдерге бизнесін дамытуға және оны нығайтуға көмектесу. Бұл бағдарлама туралы білетін әйелдердің саны артуда, бұл ұзақ мерзімді бағдарлама болғандықтан әрі қарай да жалғаса береді," – деп мәлімдеді Елена Садикова, бизнес-тренер. КМF ұсынатын мүмкіндіктерді атасулық Раушан Заркеева да пайдаланды. Іскер ханым сүт өнімдерін өндіретін шағын өндірісін кеңейткісі кеп, армандайтын. Қазақстандық микроқаржылық ұйымның арқасында оның арманы шындыққа айналды. - "Бастапқыда біз сиыр сүтінен сүт өнімдерін өндірумен айналыстық, соның арқасында клиенттерімізді көбейттік. Уақыт өте келе кеңейтуді қаладық. Әрине, қорқыныш ұялатты. Қалай және не істейтінімізді білмедік. Бірақ КМF қызметкерлері бізге өз күшімізге сенуге көмектесті, бізге ең қолайлы шарттар ұсынды, бұл біздің кеңеюімізге көмектесті. Енді біз бие сүтінен сүт өнімдерін өндірумен айналысамыз, - дейді Раушан. – Бүгінгі конференция көп жаңа білім берді. Тәжірибелі сатушыларды тыңдаған қызықты әрі танымды болды, біз де олардың әдістерін өз ісімізде қолдануға тырысамыз". - "Біз 100-ден аса адам қатысқан бұл конференция клиенттердің қатысуы бойынша да, тиімділік тұрғысынан да жоғары деңгейде болып өтті деп есептейміз. Конференцияға қатысушылар бизнес-тренерлердің тақырыптарына қызыққаны сонша, тіпті түскі асқа бармауды ұсынды. Клиенттерден алынған кері байланысқа қарағанда, келешекте олар осындай шараларға қатысып, жаңа әрі пайдалы білім алғысы келеді"- деп түйіндеді Асел Шегебаева, "KMF- Демеу" корпоративтік қорының бас директоры. Шараны ұйымдастырушылар осындай конференциялар Қарағанды үшін дәстүрге айналып, кәсіпкерлердің бұдан да көп санын қамтитын болады деп сенеді.

Басқа оқиғалар