Байқауға кәсіпкер әйелдер қатыса алады. Сонымен қатар, байқауға қатысушы KMF-тің белсенді клиенті болуы шарт және кемінде 3 кредиті өтелген болуы керек. Байқаудың жеңімпазы Бас жүлде – 1 миллион теңгеге сертификат алады. Бұдан бөлек бірнеше номинация бар: • «Ауыл шаруашылығының дамуына қосқан үлесі үшін» номинациясын жеңген кәсіпкер әйелге 500 000 теңгеге сертификат беріледі. • «Бизнестің дамуына қосқан үлесі үшін» номинациясының жеңімпазы да 500 000 теңгенің сертификатына ие болады. • «Әлеуметтік бизнес» номинациясының жүлдесі - 500 000 теңгеге сертификат. • Қазылар алқасының арнайы сыйлығы - 500 000 теңгеге сертификат. Айта кетейік, KMF Isker hanymy-2021 байқауына қатысу үшін өтінімдер 1-қазанға дейін https://kmfiskerhanymy.kz/kz сайтында қабылданады. Байқау жеңімпаздары 5-желтоқсанға дейін Алматыда өтетін KMF Isker hanymy-2021 конференциясында жарияланады. Байқау шарттары туралы толығырақ оқу үшін сілтемені басыңыз: https://kmfiskerhanymy.kz/kz/premium/