Тест тапсыру
Отбасының қаржылық саулығын бағалаңыз
Отбасыңыз бюджетті қаншалықты дұрыс жүргізетінін, қаржылық жоспар құра алатынын, жинақтың немесе «қауіпсіздік көпшігіне» бөлінген қаражаттың жеткілікті екенін білгіңіз келе ме? Тестіден өтіп, құнды ұсыныстар алыңыз!
1 . Жас тобыңызды таңдаңыз
2 . Жынысыңызды көрсетіңіз
3 . Отбасыңызда қаржылық шешімді кім қабылдайды?
4 . Отбасыңызда шығыстарды жоспарлайсыз ба?
5 . Сізде күтпеген шығыстар орын алған жағдайда, жұмсалмайтын қор/қауіпсіздік көпшігі бар ма?
6 . Сіз ақша қаражатының (бюджет) кірістер мен шығыстар есебін жүргізесіз бе? Жүргізсеңіз, қалай жүргізесіз?
7 . Отбасыңыз міндетті шоттарды уақытында төлей ме?
8 . Отбасыңызда барлық міндетті шығыстарды (коммуналдық төлемдер, оқу, емдеу ақысы) өтегеннен кейін айдың аяғында бос ақша қала ма?
9 . Егер отбасыңыз кредит төлесе, ай сайынғы төлемдеріңіз табыстың қанша пайызын құрайды?
10 . Ақша қаражатын қалай сақтайсыз?
11 . Қаржылық мақсатқа жету үшін депозитте жинаған ақшаңыз бар ма?
12 . Зейнет жасына ақша жинайсыз ба?
13 . Қаржылық сауаттылық бойынша қандай тақырыптар сізді қызықтырады?
Идет отправка данных...
Жаңадан бастаушы

Сіздің қаржылық жағдайыңыз өте осал және дереу қолға алуды қажет ететін тұстар бар!

Мұңаймаңыз! Отбасыңыз барлық ай сайынғы қажеттілікті өтей алатынына көз жеткізіңіз. Қаржыны бақылаңыз және шығыстар жоспарын ұстаныңыз.

Міндетті шығыстарды бірнеше ай бұрын жоспарлаңыз және ай сайын кірістер мен шығыстар есебін жүргізіңіз. Күтпеген жағдайларға дайын болу үшін қаржылық жинақ пен қауіпсіздік көпшігін ойластырып қойыңыз.

Отбасыңыз қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуі үшін қаржылық жоспарларыңыз бен жинақтарыңызды ұзақ уақытқа есептеуге тырысыңыз.

Біз сізді қаржылық тұрақтылыққа жету жолында қолдауға дайынбыз және сізге тегін консультация ұсынамыз, сонымен қатар сіз семинарға, конференцияға қатысып, қажетті материалдарға қол жеткізе аласыз. Ол үшін біздің сайтта өтінім қалдырыңыз!

Басты бетке
Тағылымгер

Сіздің қаржылық жағдайыңыз тұрақсыз, демек, қысқа уақыттың ішінде шешуді талап ететін қаржылық мәселелер бар. Әрқашан жақсылыққа сеніңіз! Шығыстарды мұқият қарастыруға, күнделікті шығындарды азайтуға, қаржыны бақылауға және шығыстар жоспарын ұстануға кеңес береміз.

Міндетті шығыстарды бірнеше ай бұрын жоспарлаңыз және ай сайын кірістер мен шығыстар есебін жүргізіңіз. Күтпеген жағдайларға дайын болу үшін қаржылық жинақ пен қауіпсіздік көпшігін ойластырып қойыңыз. Қаржылық жоспарларыңыз бен жинақтарыңызды ұзақ уақытқа есептеуге тырысыңыз.

Біз сізді қаржылық тұрақтылыққа жету жолында қолдауға дайынбыз және сізге тегін консультация ұсынамыз, сонымен қатар сіз семинарға, конференцияға қатысып, қажетті материалдарға қол жеткізе аласыз. Ол үшін біздің сайтта өтінім қалдырыңыз!

Басты бетке
Шебер

Керемет жаңалық: Сіздің қаржыңыз жақсы күйде, сіз дұрыс жолда келе жатырсыз!

Дегенмен жақсартуды қажет ететін тұстар әлі де бар.

Отбасыңыз қаржыны бақылайтынына және шығыстар жоспарын ұстанатынына көз жеткізіңіз.

Қаржылық қиындықтарға дайын болуға кеңес береміз – сізде кем дегенде үш айдың шығыстарын жабуға жеткілікті жинақ болуы қажет. Зейнетке шыққанда қаржылық тұрғыдан дайын болу үшін қаржылық жоспарларыңыз бен жинақтарыңызды ұзақ уақытқа есептеуге тырысыңыз.

Отбасыңыз қарыз алмас үшін алдын ала қамданыңыз.

Басты бетке
Қаржы білгірі

Сіздің қаржыңыз мінсіз күйде және сіз мұнымен шектеліп қалғыңыз келмейді! Осы бетіңізден таймаңыз!

Сіз күнделікті қаржы мәселелерін бірден шешуге тырысасыз және шығыстар жоспарын ұстанасыз. Сіз қаржылық қиындықтарға дайынсыз және олар туындаған жағдайда жеткілікті жинағыңыз бар.

Басты бетке
Өтінім беру
Артқа

Шымкентте кәсіпкер әйелдерге арналған «KMF Isker hanymy» конференциясы болып өтті. 15 наурызда Шымкентте кәсіпкер әйелдерге арналған «KMF Isker hanymy» жыл сайынғы аймақтық конференциясы болып өтті. Конференцияға 160 адам қатысты, олардың көпшілігі ШОБ, ірі бизнес өкілдері мен өз ісін енді бастаған кәсіпкерлер. Конференцияны «KMF-Демеу» қоры мен «KMF» МҚҰ ұйымдастырды. Бұл шара айрықша болып табылады, өйткені конференцияның тарихы осы қалада басталған болатын. Нақ осы Шымкентте 2006 жылы кәсіпкер әйелдердің алғашқы кездесуі болып өтті. Саны бойынша он бірінші конференция «Тиімді сату. Бизнесті жылжытудағы жаңа технологиялар» тақырыбына арналды. Шараға алуан түрлі саладан бизнес өкілдері жиналды. Конференцияның бағдарламасына сату техникасы бойынша, сонымен қатар клиенттерді тарту үшін жаңа әдістер мен құралдар пайдалану бойынша мастер-класстар мен таныстырулар енді. Конференцияға 160 қатысушының ішінде ШОБ, ірі бизнес өкілдері және кәсіпкерлік жолын енді бастағандар да бар. Спикерлері Франкфурт бизнес мектебінің және «KazCreditConsult» компаниясының, «Business-Route» агенттігінің жетекші бизнес-тренерлері болды. Одан бөлек, конференция өткізілетін аумақта KMF-тің қарыз алушы әйел клиенттері өндіретін тауарлардың шағын көрмесі өткізілді. «KMF-тегі қарыз алушылардың шамамен 60% – әйелдер. Біздің KMF-пен тұрақты міндетіміз оларды, соның ішінде ауылда қолжетімді қаржыландырумен қамтамасыз етіп қоймай, сондай-ақ нарықтық өмірге бейімделуге көмектесу, өз ісін қалай дұрыс және шығынсыз дамыту керектігін, отбасы мен балаларды қалай қамтамасыз ету керектігін айту. Сондықтан біз көп жылдардан бері әйелдерді оқытуға, олардың дағдыларын және құзіреттілігін дамытуға қомақты қаржы салып отырмыз, сарапшыларды тартамыз, оларға арнап қаржылық сауаттылыққа оқыту бағдарламасының аясында бизнес-тренингтер өткіземіз, - деп түсіндірді Асель Шегебаева, «KMF-Демеу» қорының бас директоры. Пайдалы әрі тәжірибелік ақпараттан бөлек, конференцияға қатысушылар шабыт алып, серіктестер табу мүмкіндігіне ие болды.

Басқа оқиғалар