«KMF-Демеу» корпоративтік қоры қатарынан үш жыл бойы ауқымды Unity отбасылық фестивалін қолдап келеді. Осы жылы, өткен жылғыдай, KMF-тің фестиваль аумағында өз алаңы болды, онда екі күн бойы қызметкерлердің балалары өнер көрсетті, мастер-класстар өткізілді және әртүрлі ойындар ойнатылды.
24 және 25 тамызда Алматы қаласының Орталық демалыс саябағында Unity отбасылық фестивалі өтті, бұл шара қатарынан алты жыл бойы Оңтүстік астананың кішкентай тұрғындары мен олардың ата-аналарын қуантып келеді. Дәстүр бойынша фестиваль аумағында әртүрлі жастағы балалар үшін бірнеше ойын алаңдары орналасады. Фестиваль мақсаттарының бірі – айрықша күтімдегі балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, көңілдерін аулау. Осы мақсатта Unity-2019 шарасында арнайы аймақ ұйымдастырылып, айрықша күтімдегі балалар өздерін үлкен мерекенің бір бөлшегі ретінде сезіне алды.
«KMF-Демеу» корпоративтік қоры үшінші рет шараның серіктесі болды. Фестиваль аумағында KMF-тің алаңы ұйымдастырылып, онда қызықты мастер-кластар, әртүрлі байқаулар өткізілді және компания қызметкерлерінің балалары өз өнерлерін көрсетті.
Бас кеңсе мен Алматы филиалы қызметкерлері балаларының бас сахнада өнер көрсетуі бірінші күннің аса маңызды оқиғасы деуге болады. Өнер көрсеткен барлық балақайлар өз шеберліктерін паш етіп, көрермендердің зор ықыласына бөленді.
Екі күннің ішінде KMF алаңында балаларға арнап отыздан астам ойын-сауық шаралары өткізілді. Атап айтсақ: аниматорлардың ойындары мен билері, сабын жасау, әуе шарларынан мүсін жасау бойынша мастер-кластар, аквагрим, сиқыршының өнер көрсетуі, викториналар және басқа да көптеген ойындар. Ойындар мен байқауларға белсенді қатысқан бүлдіршіндер тегін балмұздақ пен тәтті мақта алуға купондар ұтып алды.
Фестивальдің үлкендерге де берері мол болды. Екі күн бойы KMF алаңының маңында кредиттік сарапшылар кеңес берді. Олар қонақтардың сұрақтарына жауап беріп, компания өнімдері және кредиттеу мүмкіндіктері туралы ақпаратпен бөлісті.
Фестивальдегі KMF алаңы балаларға арналған қызықты бағдарламалардың және ата-аналарға қажетті пайдалы ақпараттың арқасында барлық қонақтардың басын қосқан мекенге айналды.