Астанада KMF Банкі мен KMF-Демеу корпоративтік қоры ұйымдастырған VIII KMF Агрофорумы өтті. Форум агросектордағы өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және ашық диалог орнатуға арналған ірі алаңдардың біріне айналды.
Іс-шараға еліміздің әр өңірінен 100-ден астам фермер, кәсіпкер және сала сарапшысы қатысты. Қатысушылар ауыл шаруашылығын дамытудың заманауи тәсілдерін, бизнесті ауқымдау, технологияларды енгізу және жаңа нарықтарға шығу мәселелерін талқылады.
Сарапшылардың тәжірибелік баяндамалары, фермерлердің нақты кейстері мен агробизнестің өсуіне әсер ететін тиімді құралдар туралы ашық пікірталас қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
