Тест тапсыру
Отбасының қаржылық саулығын бағалаңыз
Отбасыңыз бюджетті қаншалықты дұрыс жүргізетінін, қаржылық жоспар құра алатынын, жинақтың немесе «қауіпсіздік көпшігіне» бөлінген қаражаттың жеткілікті екенін білгіңіз келе ме? Тестіден өтіп, құнды ұсыныстар алыңыз!
1 . Жас тобыңызды таңдаңыз
2 . Жынысыңызды көрсетіңіз
3 . Отбасыңызда қаржылық шешімді кім қабылдайды?
4 . Отбасыңызда шығыстарды жоспарлайсыз ба?
5 . Сізде күтпеген шығыстар орын алған жағдайда, жұмсалмайтын қор/қауіпсіздік көпшігі бар ма?
6 . Сіз ақша қаражатының (бюджет) кірістер мен шығыстар есебін жүргізесіз бе? Жүргізсеңіз, қалай жүргізесіз?
7 . Отбасыңыз міндетті шоттарды уақытында төлей ме?
8 . Отбасыңызда барлық міндетті шығыстарды (коммуналдық төлемдер, оқу, емдеу ақысы) өтегеннен кейін айдың аяғында бос ақша қала ма?
9 . Егер отбасыңыз кредит төлесе, ай сайынғы төлемдеріңіз табыстың қанша пайызын құрайды?
10 . Ақша қаражатын қалай сақтайсыз?
11 . Қаржылық мақсатқа жету үшін депозитте жинаған ақшаңыз бар ма?
12 . Зейнет жасына ақша жинайсыз ба?
13 . Қаржылық сауаттылық бойынша қандай тақырыптар сізді қызықтырады?
Идет отправка данных...
Жаңадан бастаушы

Сіздің қаржылық жағдайыңыз өте осал және дереу қолға алуды қажет ететін тұстар бар!

Мұңаймаңыз! Отбасыңыз барлық ай сайынғы қажеттілікті өтей алатынына көз жеткізіңіз. Қаржыны бақылаңыз және шығыстар жоспарын ұстаныңыз.

Міндетті шығыстарды бірнеше ай бұрын жоспарлаңыз және ай сайын кірістер мен шығыстар есебін жүргізіңіз. Күтпеген жағдайларға дайын болу үшін қаржылық жинақ пен қауіпсіздік көпшігін ойластырып қойыңыз.

Отбасыңыз қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуі үшін қаржылық жоспарларыңыз бен жинақтарыңызды ұзақ уақытқа есептеуге тырысыңыз.

Біз сізді қаржылық тұрақтылыққа жету жолында қолдауға дайынбыз және сізге тегін консультация ұсынамыз, сонымен қатар сіз семинарға, конференцияға қатысып, қажетті материалдарға қол жеткізе аласыз. Ол үшін біздің сайтта өтінім қалдырыңыз!

Басты бетке
Тағылымгер

Сіздің қаржылық жағдайыңыз тұрақсыз, демек, қысқа уақыттың ішінде шешуді талап ететін қаржылық мәселелер бар. Әрқашан жақсылыққа сеніңіз! Шығыстарды мұқият қарастыруға, күнделікті шығындарды азайтуға, қаржыны бақылауға және шығыстар жоспарын ұстануға кеңес береміз.

Міндетті шығыстарды бірнеше ай бұрын жоспарлаңыз және ай сайын кірістер мен шығыстар есебін жүргізіңіз. Күтпеген жағдайларға дайын болу үшін қаржылық жинақ пен қауіпсіздік көпшігін ойластырып қойыңыз. Қаржылық жоспарларыңыз бен жинақтарыңызды ұзақ уақытқа есептеуге тырысыңыз.

Біз сізді қаржылық тұрақтылыққа жету жолында қолдауға дайынбыз және сізге тегін консультация ұсынамыз, сонымен қатар сіз семинарға, конференцияға қатысып, қажетті материалдарға қол жеткізе аласыз. Ол үшін біздің сайтта өтінім қалдырыңыз!

Басты бетке
Шебер

Керемет жаңалық: Сіздің қаржыңыз жақсы күйде, сіз дұрыс жолда келе жатырсыз!

Дегенмен жақсартуды қажет ететін тұстар әлі де бар.

Отбасыңыз қаржыны бақылайтынына және шығыстар жоспарын ұстанатынына көз жеткізіңіз.

Қаржылық қиындықтарға дайын болуға кеңес береміз – сізде кем дегенде үш айдың шығыстарын жабуға жеткілікті жинақ болуы қажет. Зейнетке шыққанда қаржылық тұрғыдан дайын болу үшін қаржылық жоспарларыңыз бен жинақтарыңызды ұзақ уақытқа есептеуге тырысыңыз.

Отбасыңыз қарыз алмас үшін алдын ала қамданыңыз.

Басты бетке
Қаржы білгірі

Сіздің қаржыңыз мінсіз күйде және сіз мұнымен шектеліп қалғыңыз келмейді! Осы бетіңізден таймаңыз!

Сіз күнделікті қаржы мәселелерін бірден шешуге тырысасыз және шығыстар жоспарын ұстанасыз. Сіз қаржылық қиындықтарға дайынсыз және олар туындаған жағдайда жеткілікті жинағыңыз бар.

Басты бетке
Өтінім беру
Артқа

2017 жылдың 7-8 қыркүйегінде Алматы қаласында бірінші Қазақстандық микроқаржылық форум аясында «Әлеуметтік-экономикалық өсу факторы ретінде қаржылық сауаттылықты арттыру» атты конференция өтті. Форум ұйымдастырушысы – KMF микроқаржылық ұйымы және «KMF-Демеу» корпоративтік қоры, оған ҚР Микроқаржылық ұйымдар қауымдастығы (ҚМҚҰҚ) және ҚР Ұлттық Банкі қолдау көрсетті. Форумда 12 елден қаржылық сауаттылықты арттыру саласында қызмет атқаратын 30-дан астам сарапшы, сонымен қатар Қазақстан, Қырғызстан, Грузия, Ресей Ұлттық Банктерінің өкілдері сөз сөйледі. Барлығы форумға 220 қатысушы, соның ішінде «Қаржылық сауаттылықты арттыру» жобасының арнайы шақырылған қонақтары қатысты.

2014 жылы Standard&Poor’s рейтингтік агенттігі бүкіл дүние жүзі бойынша ересек тұрғындардың қаржылық сауаттылық деңгейіне қатысты зерттеу жүргізді. Егер 100% ең жоғары көрсеткіш деп алсақ, тұрғындардың қаржылық сауаттылық деңгейі 13%-дан 71% аралығында түрленіп отыр. Әлем бойынша көш басында Скандинавия халқы тұр, онда ересек тұрғындардың 71% ақшаны басқару жолдарын жақсы игерген. Бірінші ондыққа Израиль, сондай-ақ Еуропаның жоғары дамыған елдері кіреді. ТМД елдерінде тұрғындардың қаржылық сауаттылық деңгейі 21%-дан 40%-ға дейін. Рейтингтің соңында Ауғанстан (14%), Албания (14%) және Йемен (13%) елдері орын тепкен. Қазақстанда ересек тұрғындардың  40%-ы қаржылық тұрғыдан сауатты деп танылған.

Форум қатысушыларының ҚР Ұлттық Банкі жанында елде қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша жобаларды талқылау және жылжыту жөніндегі бірыңғай келіссөз алаңы ретінде Сараптамалық кеңесті құру қажеттілігі туралы ұсынысы форумның маңызды тақырыбына айналды. Сараптамалық кеңестің құрамына мемлекеттік органдардың, қаржы секторының өкілдері, тәуелсіз сарапшылар және қоғам қайраткерлері, БАҚ және басқа да мүдделі тараптар кіретін болады.

Шалқар Жүсіпов, KMF Басқарма Төрағасы: «Біз форум барысында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша шет елдердің аса құнды тәжірибесін қабылдадық әрі оны біздің клиенттеріміздің арасында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша шараларға бейімдеуге тырысамыз. Халықтың қаржылық сауаттылығы елдің әлеуметтік-экономикалық өсуіне қаншалықты оң ықпал ететініне тағы бір рет көз жеткізе алдық. Спикерлер осы мәселенің аса өзекті екендігін баса айтып өтті, сол себепті «Кредит бере отырып оқыту» атты ұранымыздың дұрыстығына ешкім күмәнданбас. Аталмыш форум ұлттық деңгейде қаржылық сауаттылықты дамытуға түрткі болғаны сөзсіз, бұл ретте Ұлттық Банк қозғаушы күш ретінде бұл мәселені шешуге зор үлес қосады деп сенеміз, ал біз өз кезегімізде қаржылық сауаттылық бойынша өз бағдарламаларымызды одан әрі жүзеге асыратын боламыз».

Микроқаржылық ұйымдар қауымдастығының директоры Анатолий Глуховтың айтуы бойынша бүгінгі таңда микроқаржылық ұйымдар қаржылық сауаттылыққа үлкен мән береді, себебі сауатты қарыз алушыда проблемалы берешектер туындамайды, әрі ол өз қызметін табысты жүзеге асыруға және жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға қабілетті болады.  

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасы Төрағасының орынбасары Дина Галиева Тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттырудың 2016-2017 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ұлттық Банк халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында келесі жылы әлеуметтік зерттеу жүргізуді жоспарлап отырғандығын хабарлады. Зерттеу бағдарламаның тиімділігін көрсетеді және соның негізінде қаржылық сауаттылықты арттыру саласында кейінгі бағдарламалық құжаттар жасалатын болады. «Бағдарламаны жүзеге асыру барысында халық жинақтарының өсуі және экономиканы кредиттеудің өсуі сынды болжалды көрсеткіштер назарға алынатын болады», - деп атап өтті Дина Галиева. 2018 жылы Тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру аяқталғаннан кейін Ұлттық стратегияны құру бойынша жұмысты бастау жоспарланып отыр. Бұған Қазақстан Республикасының Білім министрлігін, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ, қаржы ұйымдарын, жергілікті атқарушы органдарды, қоғамдық ұйымдарды және БАҚ-ты тарту ұсынылып отыр. Сонымен қатар халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру саласында жұмыс тәжірибесі мол халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты күшейту де жоспарда бар. 

Форумның бірінші күні аяқталған соң KMF және KMF-Демеудің 20 жылдығына орай қонақтарға, спикерлерге, клиенттерге және қызметтерге арнап дастарқан жайылды және мерекелік торт тарту етілді. Фуршет кезінде Эльдани қайырымдылық қоры аукцион өткізді. Форум қатысушылары мен қонақтары милық салдану, эпилепсия және психикалық дамудың бұзылуы сияқты ауыр дертке ұшыраған балалардың қолымен жасалған әдемі жәдігерлерді сатып алуға мүмкіндік алды. 

Форум спикерлерінің презентациясы, бейне сұхбаттар және фотосуреттер Форумның ресми сайтында берілген:  www.kmforum.kz


Басқа жаңалықтар