Бүгін, KMF өзінің туған күнінде, «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханаға» қаржылық сауаттылық бойынша сабақтардың сегіз жинағын тарту етті. Еске сала өтсек, 2018 жылы KMF-Демеу Қоры «Жігер» мүмкіндіктері шектеулі адамдардың жастар ұйымы көмегімен қаржылық сауаттылықты жоғарылату бойынша сабақтарды орыс тілінде Брайл қарпіне аударды. Бір данасы «Хан-Тенгри» бөлімшесінің көзі көрмейтін клиентіне табысталды. Келесі жылы қазақ тіліне аудару және клиенттер үшін, сондай-ақ мамандандырылған мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілеріне және ЖОО-ға арнап әлдеқайда көп таралыммен шығару жоспарланып отыр.