Тест тапсыру
Отбасының қаржылық саулығын бағалаңыз
Отбасыңыз бюджетті қаншалықты дұрыс жүргізетінін, қаржылық жоспар құра алатынын, жинақтың немесе «қауіпсіздік көпшігіне» бөлінген қаражаттың жеткілікті екенін білгіңіз келе ме? Тестіден өтіп, құнды ұсыныстар алыңыз!
1 . Жас тобыңызды таңдаңыз
2 . Жынысыңызды көрсетіңіз
3 . Отбасыңызда қаржылық шешімді кім қабылдайды?
4 . Отбасыңызда шығыстарды жоспарлайсыз ба?
5 . Сізде күтпеген шығыстар орын алған жағдайда, жұмсалмайтын қор/қауіпсіздік көпшігі бар ма?
6 . Сіз ақша қаражатының (бюджет) кірістер мен шығыстар есебін жүргізесіз бе? Жүргізсеңіз, қалай жүргізесіз?
7 . Отбасыңыз міндетті шоттарды уақытында төлей ме?
8 . Отбасыңызда барлық міндетті шығыстарды (коммуналдық төлемдер, оқу, емдеу ақысы) өтегеннен кейін айдың аяғында бос ақша қала ма?
9 . Егер отбасыңыз кредит төлесе, ай сайынғы төлемдеріңіз табыстың қанша пайызын құрайды?
10 . Ақша қаражатын қалай сақтайсыз?
11 . Қаржылық мақсатқа жету үшін депозитте жинаған ақшаңыз бар ма?
12 . Зейнет жасына ақша жинайсыз ба?
13 . Қаржылық сауаттылық бойынша қандай тақырыптар сізді қызықтырады?
Идет отправка данных...
Жаңадан бастаушы

Сіздің қаржылық жағдайыңыз өте осал және дереу қолға алуды қажет ететін тұстар бар!

Мұңаймаңыз! Отбасыңыз барлық ай сайынғы қажеттілікті өтей алатынына көз жеткізіңіз. Қаржыны бақылаңыз және шығыстар жоспарын ұстаныңыз.

Міндетті шығыстарды бірнеше ай бұрын жоспарлаңыз және ай сайын кірістер мен шығыстар есебін жүргізіңіз. Күтпеген жағдайларға дайын болу үшін қаржылық жинақ пен қауіпсіздік көпшігін ойластырып қойыңыз.

Отбасыңыз қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуі үшін қаржылық жоспарларыңыз бен жинақтарыңызды ұзақ уақытқа есептеуге тырысыңыз.

Біз сізді қаржылық тұрақтылыққа жету жолында қолдауға дайынбыз және сізге тегін консультация ұсынамыз, сонымен қатар сіз семинарға, конференцияға қатысып, қажетті материалдарға қол жеткізе аласыз. Ол үшін біздің сайтта өтінім қалдырыңыз!

Басты бетке
Тағылымгер

Сіздің қаржылық жағдайыңыз тұрақсыз, демек, қысқа уақыттың ішінде шешуді талап ететін қаржылық мәселелер бар. Әрқашан жақсылыққа сеніңіз! Шығыстарды мұқият қарастыруға, күнделікті шығындарды азайтуға, қаржыны бақылауға және шығыстар жоспарын ұстануға кеңес береміз.

Міндетті шығыстарды бірнеше ай бұрын жоспарлаңыз және ай сайын кірістер мен шығыстар есебін жүргізіңіз. Күтпеген жағдайларға дайын болу үшін қаржылық жинақ пен қауіпсіздік көпшігін ойластырып қойыңыз. Қаржылық жоспарларыңыз бен жинақтарыңызды ұзақ уақытқа есептеуге тырысыңыз.

Біз сізді қаржылық тұрақтылыққа жету жолында қолдауға дайынбыз және сізге тегін консультация ұсынамыз, сонымен қатар сіз семинарға, конференцияға қатысып, қажетті материалдарға қол жеткізе аласыз. Ол үшін біздің сайтта өтінім қалдырыңыз!

Басты бетке
Шебер

Керемет жаңалық: Сіздің қаржыңыз жақсы күйде, сіз дұрыс жолда келе жатырсыз!

Дегенмен жақсартуды қажет ететін тұстар әлі де бар.

Отбасыңыз қаржыны бақылайтынына және шығыстар жоспарын ұстанатынына көз жеткізіңіз.

Қаржылық қиындықтарға дайын болуға кеңес береміз – сізде кем дегенде үш айдың шығыстарын жабуға жеткілікті жинақ болуы қажет. Зейнетке шыққанда қаржылық тұрғыдан дайын болу үшін қаржылық жоспарларыңыз бен жинақтарыңызды ұзақ уақытқа есептеуге тырысыңыз.

Отбасыңыз қарыз алмас үшін алдын ала қамданыңыз.

Басты бетке
Қаржы білгірі

Сіздің қаржыңыз мінсіз күйде және сіз мұнымен шектеліп қалғыңыз келмейді! Осы бетіңізден таймаңыз!

Сіз күнделікті қаржы мәселелерін бірден шешуге тырысасыз және шығыстар жоспарын ұстанасыз. Сіз қаржылық қиындықтарға дайынсыз және олар туындаған жағдайда жеткілікті жинағыңыз бар.

Басты бетке
Өтінім беру
Артқа

«KMF-Демеу» корпоративтік қоры қатарынан үш жыл бойы ауқымды Unity отбасылық фестивалін қолдап келеді. Осы жылы, өткен жылғыдай, KMF-тің фестиваль аумағында өз алаңы болды, онда екі күн бойы қызметкерлердің балалары өнер көрсетті, мастер-класстар өткізілді және әртүрлі ойындар ойнатылды.
24 және 25 тамызда Алматы қаласының Орталық демалыс саябағында Unity отбасылық фестивалі өтті, бұл шара қатарынан алты жыл бойы Оңтүстік астананың кішкентай тұрғындары мен олардың ата-аналарын қуантып келеді. Дәстүр бойынша фестиваль аумағында әртүрлі жастағы балалар үшін бірнеше ойын алаңдары орналасады. Фестиваль мақсаттарының бірі – айрықша күтімдегі балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, көңілдерін аулау. Осы мақсатта Unity-2019 шарасында арнайы аймақ ұйымдастырылып, айрықша күтімдегі балалар өздерін үлкен мерекенің бір бөлшегі ретінде сезіне алды.
IMG_20190824_131046.jpg

«KMF-Демеу» корпоративтік қоры үшінші рет шараның серіктесі болды. Фестиваль аумағында KMF-тің алаңы ұйымдастырылып, онда қызықты мастер-кластар, әртүрлі байқаулар өткізілді және компания қызметкерлерінің балалары өз өнерлерін көрсетті.

Бас кеңсе мен Алматы филиалы қызметкерлері балаларының бас сахнада өнер көрсетуі бірінші күннің аса маңызды оқиғасы деуге болады. Өнер көрсеткен барлық балақайлар өз шеберліктерін паш етіп, көрермендердің зор ықыласына бөленді.  

Екі күннің ішінде KMF алаңында балаларға арнап отыздан астам ойын-сауық шаралары өткізілді. Атап айтсақ: аниматорлардың ойындары мен билері, сабын жасау, әуе шарларынан мүсін жасау бойынша мастер-кластар, аквагрим, сиқыршының өнер көрсетуі, викториналар және басқа да көптеген ойындар. Ойындар мен байқауларға белсенді қатысқан бүлдіршіндер тегін балмұздақ пен тәтті мақта алуға купондар ұтып алды.

IMG_20190824_111841.jpg

Фестивальдің үлкендерге де берері мол болды. Екі күн бойы KMF алаңының маңында кредиттік сарапшылар кеңес берді. Олар қонақтардың сұрақтарына жауап беріп, компания өнімдері және кредиттеу мүмкіндіктері туралы ақпаратпен бөлісті.  

Фестивальдегі KMF алаңы балаларға арналған қызықты бағдарламалардың және ата-аналарға қажетті пайдалы ақпараттың арқасында барлық қонақтардың басын қосқан мекенге айналды.


Басқа жаңалықтар