KMF-Демеу қоры «Тұран» университетінде өткен «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысты.
Олимпиада Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген талантты студенттер мен болашақ қаржы мамандарын біріктірді. Қатысушылар өз білімдерін, аналитикалық ойлау қабілеттерін және практикалық міндеттерді шешу дағдыларын көрсетті.
Қордың мұндай бастамаларға қатысуы қаржылық сауаттылықты дамыту мен жастарды қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.