Тест тапсыру
Отбасының қаржылық саулығын бағалаңыз
Отбасыңыз бюджетті қаншалықты дұрыс жүргізетінін, қаржылық жоспар құра алатынын, жинақтың немесе «қауіпсіздік көпшігіне» бөлінген қаражаттың жеткілікті екенін білгіңіз келе ме? Тестіден өтіп, құнды ұсыныстар алыңыз!
1 . Жас тобыңызды таңдаңыз
2 . Жынысыңызды көрсетіңіз
3 . Отбасыңызда қаржылық шешімді кім қабылдайды?
4 . Отбасыңызда шығыстарды жоспарлайсыз ба?
5 . Сізде күтпеген шығыстар орын алған жағдайда, жұмсалмайтын қор/қауіпсіздік көпшігі бар ма?
6 . Сіз ақша қаражатының (бюджет) кірістер мен шығыстар есебін жүргізесіз бе? Жүргізсеңіз, қалай жүргізесіз?
7 . Отбасыңыз міндетті шоттарды уақытында төлей ме?
8 . Отбасыңызда барлық міндетті шығыстарды (коммуналдық төлемдер, оқу, емдеу ақысы) өтегеннен кейін айдың аяғында бос ақша қала ма?
9 . Егер отбасыңыз кредит төлесе, ай сайынғы төлемдеріңіз табыстың қанша пайызын құрайды?
10 . Ақша қаражатын қалай сақтайсыз?
11 . Қаржылық мақсатқа жету үшін депозитте жинаған ақшаңыз бар ма?
12 . Зейнет жасына ақша жинайсыз ба?
13 . Қаржылық сауаттылық бойынша қандай тақырыптар сізді қызықтырады?
Идет отправка данных...
Жаңадан бастаушы

Сіздің қаржылық жағдайыңыз өте осал және дереу қолға алуды қажет ететін тұстар бар!

Мұңаймаңыз! Отбасыңыз барлық ай сайынғы қажеттілікті өтей алатынына көз жеткізіңіз. Қаржыны бақылаңыз және шығыстар жоспарын ұстаныңыз.

Міндетті шығыстарды бірнеше ай бұрын жоспарлаңыз және ай сайын кірістер мен шығыстар есебін жүргізіңіз. Күтпеген жағдайларға дайын болу үшін қаржылық жинақ пен қауіпсіздік көпшігін ойластырып қойыңыз.

Отбасыңыз қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуі үшін қаржылық жоспарларыңыз бен жинақтарыңызды ұзақ уақытқа есептеуге тырысыңыз.

Біз сізді қаржылық тұрақтылыққа жету жолында қолдауға дайынбыз және сізге тегін консультация ұсынамыз, сонымен қатар сіз семинарға, конференцияға қатысып, қажетті материалдарға қол жеткізе аласыз. Ол үшін біздің сайтта өтінім қалдырыңыз!

Басты бетке
Тағылымгер

Сіздің қаржылық жағдайыңыз тұрақсыз, демек, қысқа уақыттың ішінде шешуді талап ететін қаржылық мәселелер бар. Әрқашан жақсылыққа сеніңіз! Шығыстарды мұқият қарастыруға, күнделікті шығындарды азайтуға, қаржыны бақылауға және шығыстар жоспарын ұстануға кеңес береміз.

Міндетті шығыстарды бірнеше ай бұрын жоспарлаңыз және ай сайын кірістер мен шығыстар есебін жүргізіңіз. Күтпеген жағдайларға дайын болу үшін қаржылық жинақ пен қауіпсіздік көпшігін ойластырып қойыңыз. Қаржылық жоспарларыңыз бен жинақтарыңызды ұзақ уақытқа есептеуге тырысыңыз.

Біз сізді қаржылық тұрақтылыққа жету жолында қолдауға дайынбыз және сізге тегін консультация ұсынамыз, сонымен қатар сіз семинарға, конференцияға қатысып, қажетті материалдарға қол жеткізе аласыз. Ол үшін біздің сайтта өтінім қалдырыңыз!

Басты бетке
Шебер

Керемет жаңалық: Сіздің қаржыңыз жақсы күйде, сіз дұрыс жолда келе жатырсыз!

Дегенмен жақсартуды қажет ететін тұстар әлі де бар.

Отбасыңыз қаржыны бақылайтынына және шығыстар жоспарын ұстанатынына көз жеткізіңіз.

Қаржылық қиындықтарға дайын болуға кеңес береміз – сізде кем дегенде үш айдың шығыстарын жабуға жеткілікті жинақ болуы қажет. Зейнетке шыққанда қаржылық тұрғыдан дайын болу үшін қаржылық жоспарларыңыз бен жинақтарыңызды ұзақ уақытқа есептеуге тырысыңыз.

Отбасыңыз қарыз алмас үшін алдын ала қамданыңыз.

Басты бетке
Қаржы білгірі

Сіздің қаржыңыз мінсіз күйде және сіз мұнымен шектеліп қалғыңыз келмейді! Осы бетіңізден таймаңыз!

Сіз күнделікті қаржы мәселелерін бірден шешуге тырысасыз және шығыстар жоспарын ұстанасыз. Сіз қаржылық қиындықтарға дайынсыз және олар туындаған жағдайда жеткілікті жинағыңыз бар.

Басты бетке
Өтінім беру
Артқа

KMF микроқаржылық ұйымы және КMF-Демеу қоры мұқтаж жандарды азық-түлік жинақтарымен қамтамасыз ету бойынша Қазақстанның Қызыл Жарты айы жобасын қаржыландырды. 2020 жыл Қазақстанда Еріктілер жылы деп жарияланғаны белгілі және бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус пандемиясымен күресуге бағытталған төтенше шаралардың қабылдануына байланысты, біз қолдауға және көмегімізге ерекше мұқтаж жандардың барлығына көмек көрсетуде жекелеген адамдардың және ұйымдардың күш-жігерін біріктіруге уақыт келгенін түсінеміз, өйткені ежелден-ақ жақынына жәрдемдесу халқымыздың және көпұлттық мәдениетіміздің ерекше белгісі болып табылады. Әлеуметтік, қайырымдылық, білім беру, мәдени және қоғамдық-пайдалы қызмет көрсетуді негізгі әрі маңызды мақсаты тұтқан KMF- Демеу Корпоративтік Қоры осындай сын сағатында Қазақстан азаматтарын қолдау аясында әлемдегі ең ірі гуманитарлық қауымдастық – Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Халықаралық Қозғалысының бөлімі болып табылатын «ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамы» қоғамдық бірлестігіне 4 000 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат түрінде өтеусіз қайырымдылық көмек көрсетіп отыр. Бұл қайырымдылық көмек Алматы және Нұр-Сұлтан ққ. коронавирус пандемиясына байланысты ТЖ кезеңінде азық-түлік және тұрмыстық химия түрінде жалғызбасты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, сонымен қатар аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасыларға көмек көрсету мақсатында беріледі. Осы қайырымдылық акциясының аясында әрбір отбасы негізгі азық-түліктен құралған Азық-түлік жинағын жанасусыз жеткізу арқылы ала алады. Жобаға 15 еріктілер көлігі және 30 ерікті жұмылдырылды. Олардың барлығы жеке қорғаныс құралдарымен: маскалармен, қолғаптармен және санитайзерлермен қамтамасыз етілген. Қызыл жарты ай қызметкерлері ТЖ режимін енгізуге байланысты халықтан түскен өтініштердің артуын атайды. Шалқар Жүсіпов, KMF МҚҰ Басқарма Төрағасы: «Біздің компания негізі қаланған сәттен бастап, соның ішінде, «KMF-Демеу» корпоративтік қоры арқылы қайырымдылық көмек көрсетуін тоқтатқан емес. Пандемияның азаматтарға және экономикаға әсер ету ауқымы сондай, мұқтаж жандардың басым көпшілігіне көмек дәл қазір қажет. Сондықтан біз Қызыл Жарты айға қаржы бөлуге шешім қабылдадық, бұл ұйым өзінің беделі мен тәжірибесінің арқасында аталмыш көмекті барынша жылдам жеткізе алады». Дана Бакиева, Қазақстанның Қызыл Жарты Айы Әлеуметтік көмек департаментінің директоры: «Қызыл Жарты Ай әрбір көмек алушының атынан қиын уақытта қолдау көрсеткені үшін «KMF-Демеу» қорына алғысын білдіреді. Мұқтаж жанға жеткізілген әрбір сәлемдеме тағы бір күнді жасауға мүмкіндік береді. Адамгершілік және мейірімділік – әсіресе, қазіргідей жағдайда адам үшін басты ұғымдар. Ешкімге де оңай емес, бірақ біз бірігіп, көмекті көбірек қажет ететін жандарға жәрдемдесуіміз керек!». Бөлінген қаражаттан қазақстандықтар 4 000 000 теңге сомасына барлығы 800 сәлемдеме алады, оның 700 данасы Алматы қаласында таратылады, ал 100 сәлемдеме Нұр-Сұлтан қаласына жіберіледі.

Басқа жаңалықтар