KMF Банкі мен KMF-Демеу Қазақстанның аграрлық секторын қолдау бойынша жүйелі жұмыстарын жалғастыруда.
Бүгінде KMF Банкінің несие портфелінің 40%-дан астамы агросекторға тиесілі, ал клиенттердің басым бөлігі ауылдық жерлерде тұрады.
Қаржылық қолдаумен қатар фермерлерге арналған агрофорумдар, тренингтер және тәжірибелік оқыту бағдарламалары арқылы білім беру бағытына да ерекше көңіл бөлінеді.