2017 жылдың 3 наурызында бүкіл республика бойынша KMF МҚҰ клиенттерінің қатысуымен IX «Әйел және бизнес» республикалық конференциясы өтті. Конференцияға қатысушылардың бірі – біздің Қарағандылық клиент Меруерт Арғымбаева. Өткен жылы Меруерт Арғымбаева «Iскер» корпоративтік журналы оқырмандарының арасында өткен байқаудың жеңімпазы атанып, Алматыға сапар ұтып алған болатын. Меруерт Арғымбаева Алматыға жасаған сапары туралы ойымен өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті:
"2017 жылдың 3 наурызында мен KMF компаниясының шақыруымен «Әйел және бизнес» IX аймақтық конференциясына қатыстым. Шара Алматы қаласында өтті. Мен «Радость» тобындамын және KMF МҚҰ кредит алып жүргенімізге бір жылдан аз уақыт болды.
Конференцияға бизнесте тәжірибесі мол әйелдер қатысты. «Media Genius» Андрей Ященконың семинары қатты ұнады. Ол өз тәжірибесі туралы былай дейді: «SMM туралы 45 минут, кәсіпкер әйелдерге арналған әлеуметтік желілердегі бизнесті жылжыту туралы. Әлеуметтік желі – бұл тек ұрыс-керіс, саясаткерлерді талқылау ғана емес, бизнесті жылжытудың тамаша құралы екенін жеткізгім келеді». Андрей әлеуметтік желілерде бизнесті жылжытуға болатын екі сайт туралы айтып берді.
Бекнұр Кисиковтің «KazFranch» атты семинары да өте пайдалы болды -. «Радость» үшін франчайзинг тақырыбы өте өзекті, өйткені Қазақстанның 5 қаласынан біздің брендпен филиал ашу туралы сұраулар келіп түсуде. Өкінішке орай, Қазақстанда франчайзинг – жаңа және зерттелмеген бағыт. Дегенмен Бекнұр франшизаны ресімдеуде көмек қолын созуға уәде берді. Бизнесті онлайн диагностикалауға арналған «Business Lens» құралын әзірлеген «Frankfurt School» сарапшылары да қатты қуантты. Тегін, қолжетімді және инновациялық! Әрине, біздің әйелдер мықты ғой!
Сонымен қатар конференцияда шағын азық-түлік дүкендерінің, ТҚКО, киім-кешек сататын контейнерлердің, гүл дүңгіршіктерінің иегерлері болды. Ауылдан да көп кәсіпкер әйелдер келген. Сәнді киімдерін жиі киюге мүмкіндігі бола бермейтін аналар, әжелер, жұбайлар және әпкелер еңбектеріне лайықты бағаларын алды. Мен осы нәзік жанды аруларымыздың өз отбасыларын асырау және идеяларын жүзеге асыру үшін шағын болса да өз кәсіптерін ашып, табыс көзін тапқандарына тамсана қарап отырдым.
Әрине, Қарағанды өңірінің озық семинарлар мен тренингтерден қалыс қалатындығы көңілге кірбің түсіреді. Өкінішке орай, ірі қорлар мен халықаралық компаниялар Қарағанды облысына қызығушылық танытпайды. Сол себепті жаңалықтардан хабардар болу үшін Алматы мен Астана қалаларына баруға мәжбүрміз. Осы мәселені ЕҚДБ спикерлерімен және өкілдерімен талқыладым, олар бірауыздан келісе кетті. «Радость» көп адамның қызығушылығын оятты, көбісі «Қайырымдылық дүкенінің» не екенін, қалай жұмыс істейтінін сұрады. Меруерт конференция қатысушыларына байланыс деректерін қалдырып, шағын сұхбат берді.