2017 жылдың 3 наурызында Алматы қаласында Достық қонақүйінде «Әйел және Бизнес» ІХ аймақтық конференциясы өтті. Үстіміздегі жылы өткен Конференцияның басты ерекшелігі – конференцияның Республикалық конференция мәртебесіне ие болуы. Шара ұйымдастырушылары - KMF МҚҰ және KMF-Демеу қоры.
Конференцияны Ретро ФМ бас редакторы, Kazakhstan Fashion Week құрылтайшысы Ботагоз Алдонғарова жүргізді.
Бұл жолы конференцияға Қазақстанның әртүрлі қалалары мен ауылдарынан 150 қатысушы келді. Шараға өз бизнесін дамыту және жылжыту бойынша теориялық білімдерімен және практикалық тәжірибелерімен бөлісуге дайын спикерлер шақырылды. Конференцияны өткізу кезінде ЕҚДБ жақын серіктестері және Отбасы бизнесінің қауымдастығы қолдау көрсетті. Орын алған дәстүр бойынша шара барысында Тауарлар мен қызметтердің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде KMF клиенттері өз қызметтері мен тауарларын таныстырды, ал қонақтар кеңес алып, кәдесыйлар сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Конференция кезінде шағын және орта бизнес секторындағы әйелдерді қолдау бағдарламасымен Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) спикерлері сөз сөйледі, ал Франкфурт бизнес мектебінің өкілдері «Бизнес Линза» бизнесті диагностикалау құралын таныстырды. Сонымен қатар арнайы сарапшылар делегаттарға өз кәсібін дамытудың бір құралы ретінде франчайзинг және заманауи бизнестің ажырамас бөлігі болып табылатын интернет-жылжыту механизмдері және digital-маркетинг туралы мағлұмат берді.
Клиенттер шын көңілден алғыстарын жаудырды, өлең оқып, бір-бірін келе жатқан 8 Наурыз мерекесімен құттықтады. Шара соңында ұйымдастырушылар сыйлықтардың ұтысын өткізді.