Біздің компания шағын және орта бизнесті қолдауға және дамытуға көп атсалысады, сол себепті «KMF-Демеу» қоры білім беруге арналған онлайн-жобаны іске қосты.
KMF пен "KMF Демеу" Telegram-да «Бизнесті қалай басқару керек» чат-ботын іске қосты. Онда бизнесті басқарудың негізгі тәсілдері туралы біліп, алған білімді ойын түрінде бекіте аласыз.
Жоба аясында бейне роликтерді көріп, кәсіпкерлерге арналған 5 өзекті тақырыппен таныса аласыз:
- Баланстық есеп
- Ақша ағынын басқару
- Сату техникасы
- Маркетинг
- Адами ресурстарды басқару
МАҢЫЗДЫ:
Бейне курсты аяқтағаннан кейін КМФ бөлімшесіне келіп, кредиттік сарапшыңыздан оқуға қажетті жинақты ала аласыз. Жинаққа келесі заттар кіреді:
- «Жетістікке жетер жол» кітапшасы
- Блокнот
- Эко-сөмке
- Қаламсап
Оқу үдерісінде сіз өзіңіздің біліміңізді қызықты ізденісте бекітесіз:
https://trenazher.demeufund.kz/ - орыс тілінде
https://trenazher.demeufund.kz/?lang=kz – қазақ тілінде
Ботқа өту үшін Telegram-да @KMFDemeuBot немесе «Бизнесті қалай басқару керек» деп теріп, іске қосу түймесін басу керек.
Толық ақпаратты видео-анонстан қараңыз!
Бизнестің тиімділігін бірге арттырайық!
Жаттықтыру сұрақтарынан өткеннен кейін және кері байланыс сауалнамасын толтырғаннан кейін клиентке бизнесті басқаруда қаржылық сауаттылықты арттыру курсынан өткендігі туралы сертификат беріледі. Сертификатты жақын орналасқан KMF кеңсенен қолма-қол немесе электронды форматта алуға болады.