2020 жылы Enactus жас кәсіпкерлер қауымдастығының демеушілік қолдауымен KMF-Демеу 10 - 15 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін «Қаржылай сауатты болу» үстел/онлайн ойынын әзірлеу бойынша Enactus студенттік командаларының арасында байқау жариялады. Жүлде қоры: 1 миллион теңге! Байқаудың шарттары: Қатысушы бизнес-жоспар, бейнеролик және жобаның еркін түрде берілген сипаттамасын ұсынуы тиіс. Бизнес-жоспар аймақтық ерекшеліктерді ескеруі, инновациялық болуы (инновациялық технологияларды пайдалану), бірегей болуы (бар кәсіпорындарды қайталамау), оңай масштабталатын болуы және KMF компаниясының «Отбасылық бюджетті басқарудағы қаржылық сауаттылық» жобасының басты ережелеріне негізделуі тиіс. • 1 тур – Өтінім беру. 15 желтоқсаннан 25 қаңтар аралығы – 10 қатысушыны іріктеу. • 2 тур – Power point форматындағы таныстыру және бейнеролик. 15 ақпан – 27 наурыз. 6 қаңтарда Қысқы лагерь аясында KMF-Демеу қызметкерлері командалар өз жобаларын аяқтауы үшін қысқаша нұсқама берді. 25 қаңтардан кейін қазылар алқасы екінші турға өткен 10 қатысушыны жариялайды. Қазылар алқасына KMF-Демеу 2 қызметкері, ҚМФ 1 қызметкері және Enactus-тен 2 сарапшы кіреді. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!